*Қазалы ауданы білім бөлімі. Қызылорда облысы » Информация об Отделе » Қазалы ауданының білім бөлімі бойынша 2014 жылдың 10 айында атқарылған шаралар туралы

**

Қазалы ауданының білім бөлімі бойынша 2014 жылдың 10 айында атқарылған шаралар туралы

1.Мектепке дейінгі тәрбие беру.

Аудан бойынша 23 балабақша (19 мемлекеттік, 4 жеке) және 32 шағын орталық ( оның ішінде толық шағын орталық саны-13), барлығы 55 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 23 балабақшада 2255 бала, 32 шағын орталықта 1953 бала, барлығы 4208 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Аудан бойынша қазіргі таңда мектепке дейінгі 1-6 жастағы 9487 бала, оның ішінде 3-6 жастағы 6116 бала, бастауыш сыныптағы 6 жастағы балаларды алып тастаса 4510 бала бар.

3-6 жастағы 4510 баланың 4208-і балабақша мен шағын орталықтарда тәрбиеленуде. Аудан бойынша 3-6 жастағы барлық баланың 87,9 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен, 5-6 жастағы 1924 бала 100 пайыз мектепалды даярлықпен қамтылған.

2014 жылы 23 қазан күнгі облыс әкімі мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы қажет 3-6 жас аралығындағы балаларды 2015 жылы қамтуды толық аяқтауды, яғни бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтару, қосымша шағын орталықтар мен топтарды ұйымдастыру, жеке балабақшаларды ашу жұмыстарын жүргізе отырып 100 пайыз қамтуды тапсырған болатын. Осыған байланысты 2015 жылы аудан бойынша 625 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылып, 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарлануда.Сонымен қатар балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамтуды іске асырудың іс- шаралар жоспары жасалынды.

ІІ. Орта білім беру.

Жалпы аудан бойынша 40 мектеп жұмыс жасауда, олардың 33-і орта, 3-еуі негізгі, 4-еуі бастауыш мектептер. 3 мектеп Қазалы қаласында, 9-ы Әйтеке би кентінде, 21-і елді мекендерде орналасқан.

Қазіргі таңда аудан мектептерінде 2131 мұғалім жұмыс істейді, оның жоғары білімдісі-1956, аяқталмаған жоғары – 31, арнаулы орта – 144 мұғалім.

Мектептердің педагогикалық кадрларының сапалы құрамы артуда: жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі -37,4 пайызды құрады. 2014 жылы жоғары санатты – 95 мұғалім, І санатты–624 мұғалім, ІІ санатты-901 мұғалім, санатсыз-511 мұғалім болды.

Білім беру сапасын арттыруға педагогикалық кадрлармен педагогикалық лауазымның мәртебесін арттыру бойынша атқарылған жүйелі жұмыстар, мұғалімдерді еңбек ақысын 30 дан 100%ға арттыру құқығын беретін, жаңа форматтағы курстарда 1,2,3 деңгейде оқыту себеп болып отыр.

Аудан бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Дербес білім беру ұйымдары бағдарламасына сәйкес 2012 ж аудан мектептерінен 64 мұғалім, оның 62-і ІІІ деңгей, 2-і ІІ деңгей бойынша Астана, Алматы, Қызылорда қалаларынан біліктілік арттыру курсынан өтсе, 2013 жылға 113 мұғалім, 3 оқу ісі меңгерушісі, 1 өзін-өзі тану пәні мұғалімі қосымша тапсырма арқылы жіберіліп, барлығы 113 мұғалім қамтылды.

2014 жылы 121 мұғалім, барлығы 298 мұғалім қамтылды. Олардың 17-і мектеп басшылары, бүгінгі таңда 251 мұғалім, 3 мектеп басшысы толық сертификат иеленіп, қалған мұғалімдер алдағы уақытта сертификат алатын болады. Бұл мұғалімдердің ішінде І деңгейге-44, ІІ деңгейге-55, ІІІ деңгейге-188 мұғалім оқыды.

2013 – 2014 оқу жылын 891 оқушы 11сыныпты бітіріп 605 оқушы (585 оқушы қазақ 20 оқушы орыс) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 67,9.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 3 және 5 маусым күндері екі кезеңде №249 мектеп – лицейде өткізілді. І кезең бойынша 11 мектептің орташа балы 73,9 балды құраса, ІІ кезең бойынша 22 мектептің орташа балы 76,6 балды құрады.

Аудан бойынша 33орта мектептен 605 оқушы қатысып, мектептердің орташа балы 75,2 балды құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 8 балға жоғары болып отыр.

2014 жылы «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған 20 үміткерден №249 мектептен 3 оқушы, №266 мектептен 2 оқушы, №216 мектептен 2 оқушы, №24 мектептен 1 оқушы, №165 мектептен 1 оқушы, №92 мектептен 1 оқушы барлығы 10 оқушы (50%) «Алтын белгі» белгілерін ақтап шықса, үздік аттестатқа 7 үміткер ұсынылып №249 мектептен 2 оқушы, №266 мектептен 1 оқушы, №70 мектеп 1 оқушы барлығы 4 оқушы (57,1%) ақтап шықты.

2013-2014 оқу жылында аудандағы 33 орта мектептің 30 мектебінен барлығы 197 оқушы (22,1%) грант егері атанып жоғары оқу орындарына түсті.

Сонымен қатар 2014 жылдың наурыз айында Қызылорда қаласында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының іріктеу туры болып оған ауданымыздан 6-11 сынып оқушылары арасынан 4 мектептен 14 оқушы қатысып, №165 мектептің 10 сынып оқушысы Ұмытқан Перизат іріктеу турынан өтіп, 2014 жылдың сәуір айында Алматы қаласында «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен өткен сайыста апталық ойынына жолдама алып қатысып қайтты.

2014 жылдың 13 сәуір күні Көкшетау қаласында ІХ Республикалық Тарих ата олимпиадасы өткізіліп, ауданымыздан олимпиадаға 7 оқушы қатысып нәтижесінде №165 мектептің 3 оқушысы және №97 мектептің 1 оқушысы барлығы 4 оқушы жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

Ауданымызда 2014 жылдың наурыз айында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Республикалық «Алтынсарин -2014» атты олимпиадасы 11 сыныптар арасында негізгі 7 пән бойынша өтті. Олимпиадаға ауданымыздан 264 оқушы қатысып нәтижесінде №249 мектеп-лицейдің оқушылары Аяп Шолпан жүлделі І орынды, Байдос Қамажай ІІІ орынды, №266 мектеп-лицейдің оқушылары Закирова Фарида ІІ орынды, Рахманберген Анель ІІІ орынды, №170 мектептің оқушысы Ұзақ Аяжан ІІІ орынды және №216 мектептің оқушысы Амангелді Назым ІІІ орынды иеленді. Аталған 6 оқушы қазіргі таңда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректор грантының жеңімпаздары болып саналады.

Сәуір айының 28 күні Түркістан қаласында өткен Республикалық Яссауитану олимпиадасының ақтық кезеңіне ауданымыздан №249-4,102-2,100-1, 266-1 оқушы барлығы 8 оқушы қатысып, нәтижесінде №249 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Тақсырбай Жұлдызбай ректор грантының иегері атанды.

2014 жылы 21 мамыр күні математика пәнінен «Бастау» VII республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданымыздан №226,266,249,103 мектептерден 6 оқушы қатысып нәтижесінде №266 мектеп-лицейдің 2 сынып оқушысы Талғатбек Данияр ІІІ орынды иеленді.

2014 жылдың сәуір айында өткізілген Москва қаласының ұлттық технологиялық зерттеу университетіне сынаққа ауданымыздан №266 және249 мектеп лицейлерден 11 сынып бітіруші 9 оқушы қатысып нәтижесінде 2 оқушы №266 мектеп лицейдің 11 сынып оқушысы Нұран Ислам Муслимұлы және №249 мектеп лицейдің 11 сынып оқушысы Аяп Шолпан Алдабекқызы грант негізінде оқуға түсті.

ІІІ.Тәрбиелік шаралар

Ауданда білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын және бөлімінің 2013 жылдың 27 тамыздағы №365 «2013-2014 жаңа оқу жылын бастау туралы» бұйрығын негізге ала отырып жұмыс жасап келеді.

Мектептерде үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасына сәйкес тәрбие жұмысы 12 бағыт бойынша жүргізіліп, оқушылар бойында патриоттық сезімдерін арттыру, Оттансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды жаман әдеттерден аулақ болу, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында жұмыстар атқарылып келеді.

Жалпы аудан бойынша мектеп оқушыларының қатысуымен 2012 жылы-9 қылмыс, 2013 жылы-3 қылмыс жасалса, 2014 жылдың 10 айында 1 қылмыс тіркеліп отыр.

2014 жылдың жазғы демалыс кезеңінде ауданда балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы және еңбекпен қамтылуы ұйымдастырылды.

Ауданымыздағы балалар демалатын «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына жергілікті бюджеттен 17567,0 мың теңге қаржы бөлінді Лагердің ағымдағы жөндеу жұмыстары мен шаруашылық заттарына жергілікті бюджеттен 1439,0 мың теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен лагердің бассейніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар игілігіне пайдалануға берілді.

Жергілікті бюджеттен лагердің ішкі ауыз су желісін тартуға 1200,0 мың теңге қаржы қосымша бөлініп, таза ауыз су желісі тартылды. Биылғы жылы жатақхана бөлмелерінің терезе жабдықтары, душ едендері мен кәріз жүйелері,балалар жуынатын қолжуғыштар мен аяқ жуғыштарға келетін су желісінің трубалары толығымен ауыстырылды.

Лагердегі балалар шомылатын душ едені кафелденіп, шомылу себізгілері жаңартылды.Ыстық су беретін бу қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылға лагерь төрт ауысымда 560 баланы демалдырды. 1-ші әне 4-ші ауысымына аудан мектептеріндегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыдан 280 бала демалса, 2-ші ауысым ақылы негізде жүргізіліп, оған 140 бала тартылды. 3-ші ауысымында аудандағы білім саласы қызметкерлерінің 140 баласы демалды.

Облыс әкімдігінің қолдауымен ауданнан маусым айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасыдан 85 бала Алматы қаласындағы «Тау Жаңашар» лагеріне, 26 бала Түлкібас ауданындағы «Таң нұры» лагеріне демалуға жіберілді.

Аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен 26 бала Астана қаласына 3 күндік саяхатқа жіберілсе, 29 маусымда демеушілік арқылы 9 бала «Бөбек» балаларды сауықтыру демалыс орталығының ақылы ауысымына жіберілді. Сондай-ақ 28 шілде күні демеушілік арқылы 35 бала Астана қаласына 2 күндік саяхатқа жіберілді.

Аудан кәсіпкерлері де балалардың демалуына өз үлестерін қосуда. Атап айтар болсақ, «Тілеп», «Сыр Маржаны», «Агро-Өркен»ЖШС, демеушілігімен «Шағала» демалыс орталығының ақылы ІІ ауысымына 15 бала демалды.

«Қазақстан Темір жолы» АҚ Қазалы ауданы филиалы кәсіподағы демеушілігімен маусым-тамыз айлары аралығында Шымкент қаласындағы «Машат», Алматы Қаласындағы «Мадагаскар» Бурабай қаласындағы «Балдәурен» лагерлеріне теміржол саласы қызметкерлерінің балаларын демалды. Оған жаз бойы 320 бала жіберілді.

Білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық филиалының демеушілігімен Түлкібас ауданы «Ақсу-жабағлы» шипажайы, Алматы қаласы «Тау Жаңашар», Жаңақорған ауданы «Талдысу» лагерлеріне аудан мұғалімдерінің 105 баласы демалды.

Аудандағы медицина саласы кәсіподағының демеушілігімен 28 бала 18-28 маусым аралығында Шымкент қаласындағы «Бәйшешек» лагерінде демалды.

Аудан бойынша 36 мектеп жанынан күндізгі тынығу лагерлері ұйымдастырылады.Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері 1-20 маусым аралығында екі ауысымда жұмыс жасйды. Барлығы 2335 бала қамтылды. Жалпыға міндетті оқу қорынан балаларға бір мезгіл ыстық тамақ берілді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4690,0 мың теңге қаржы қаралды.

Аудан бойынша көркейту,көкалдандыру және құрылыс бригадалары35 мектепте ұйымдастырылып, оған 3650 жуық бала қамтылды. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда 35 мектеп жанында 10-сынып оқушылары үшін танымдық үйірмелер мен аула клубтары жұмыс жасады.Оған жаз бойы 2700 оқушы тартылды.

Жалпы аудан бойынша 1-10 сынып аралығында 13220 оқушының 13038, яғни 98,6 пайызы жазғы демалыспен қамтылды.

IV.Балалардың құқықтарын қорғау.

2014 жыл басынан бері 14 бала қорғаншылық және қамқоршылық тәрбиеге отбасыға орналастырылды. Оның ішінде 10 баланың ата-аналары қайтыс болса, 4 баланың ата-анасы баланың тәрбиесіне немқұрайлық танытқаны үшін ата-ана құқығынан айырылды.

Қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 102 бала болып отыр. Оның ішінде тұл жетімі-55, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғаны-47. Патронаттық тәрбиеде - 20 бала.

Патронаттық тәрбиедегі 20 балаға облыстық білім басқармасымен баланы күтіп бағу үшін жәрдем ақы төленеді.

Қорғаншылық және қамқоршылықтағы 80 баланың, 75 балаға аудандық білім бөлімінен баланы күтіп бағу үшін жәрдем ақы тағайындалған, қорғаншылық/қамқоршылық тәрбиедегі әр балаға жәрдем ақы ай сайын 18 520 теңге төленеді. Аталған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 102 баланың ішінде мектептен 11 сыныпты 8 бала аяқтап, оның ішінде Ұлттық біріңғай тестілеуге 6 бала тапсырып, оның 6-да Жоғары оқу орындарында грант иегері атанды, қалған 2 бала өз қалаулары бойынша колледждерге тапсырды.

Жазғы мезгілде жасөспірімдер мен балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастырудың іс-шаралар жоспары» бекітілді, жазғы демалыстарын ұйымдастыру жөнінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын өткізу уақытында «Шағала» лагеріне 30 бала, «Тау жанашар» лагеріне 22 бала, мектеп жанындағы күндізгі лагерлерге 22 бала, «Таң нұры» лагеріне 5 бала, Астанаға саяхатқа 5 бала, қалған 18 бала демалыстарын тәрбиешісімен өткізді.

Аудан мектептерінде 2014 жылдың 1 тамыз-31 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Аудан бойынша 4239 оқушыға 23 млн 905 мың 100 теңгенің көмегі берілді. Оның ішінде жалпыға міндетті оқу қорынан 3307 оқушыға 16 млн 923 мың теңге, демеушілік арқылы 932 оқушыға 6 млн 981 мың 600 теңге.

Сонымен қатар Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойы аясында Мүсірәлі баба ұрпақтарының демеушілігімен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 100 балаға 20 мың теңгеден 2 млн теңге қаржылай демеушілік жасады.

V. Оқулықпен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 2014 жылы 3 және 10 сыныптар үшін оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды сатып алу жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттен 18326,0 мың теңге, тасымалға 515,0 мың теңге, барлығы 18841,0 мың теңге бөлінді.

Бөлінген қаржыға 3 сыныптар үшін 1344 оқушыға 7149 дана оқулыққа 4699350 теңгеге (100%) және 10 сыныпқа 920 оқушыға 12620 дана оқулыққа 1 0520 300 теңгеге (100%) тапсырыс берілді.

2013-2014 оқу жылында 1-сыныптан бастап ағылшын тілі пәні енгізілуіне байланысты, 2014-2015 оқу жылында 2 сыныптар үшін 1565 оқушыға 1565 дана оқулыққа 2034500 теңгеге (100%) және 6-сыныптарға информатика пәні оқулығына 1261 оқушыға 1261 дана оқулыққа 1071850 теңгеге тапсырыс берілді.

2014-2015 оқу жылында барлығы 2, 3, 6, 10 сыныптар үшін 22595 дана оқулық 18326 000 теңгеге сатып алынды.

2014-2015 оқу жылында 1-11 сынып оқушыларын оқулықпен қамту пайызы 97,5%. Барлық оқушы саны – 14055 оқушы болса, оқулықпен қамтылған оқушылар саны – 13673.

VI.Қаржының игерілуі

2014 жылға білім бөліміне Республикалық трансферттерден 596566,0 мың теңге, облыстық бюжеттен 83041,0 мың теңге, барлығы 679607,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:

Республикалық бюджеттен:

1. «Балапан» бағдарламасымен 453 балаға ашылған мектептер жанындағы шағын орталықтардың ұстап тұру шығындарына -115911,0 мың теңге, жеке балабақшаларға 48310,0 мың теңге;

2. №16,94,90 мектептерге физика, химия, биология кабинеттерін оқу жбдықтарымен жарақтандыруға -12291,0 мың теңге;

3. №17,94,92,25,234 мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 200702,0 мың теңге;

4. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыруға – 40634,0 мың теңге;

5. 10 пайыз үстемеақы төлеуге 178718,0 мың теңге;

Облыстық бюджеттен:

1. Білім беру ұйымдарының материалдық –техникалық базасын нығайтуға 795 дана «Эрисман» партасына 17490,0 мың теңге;

2. 8 балабақшаға «Мотессори» кабинеттерін алуға 10990,0 мың теңге;

3. Заманауй жоғарғы технологиямен су тазарту қондырғысын орнатуға 8 мектепке 12963,0 мың теңге

4. №16,234,165 мектептерге тіс емдеу кабинеттеріне құрал-жабдықтар сатып алуға 6 630,0 мың теңге;

5. Жалпы білім беру мектептеріне электрондық оқу жүйесін егізуге 7089,0 мың теңге;

6. Жетім балаларды асырап бағып күтуге 18947,0 мың теңге;

7. 2014-2015 оқу жылына қосымша қосылған 11 класс комплектіге 8932,0 мың теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттен 4534 310,0 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде :

№17,94,92,25,234 мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 22912,0 мың теңге;

Заманауй жоғарғы технологиямен су тазарту қондырғысын орнатуға 7 мектепке 11181,0 мың теңге;

Қатынап оқитын оқушыларды тасымалдау үшін №103 /Жалантос ауылы/, №102 /Бірлік ауылы/, №134 /Шакен ауылы/,№70 /Әйтеке би кенті/ мектептерге автокөлік сатып алуға 11300,0 мың теңге қаралып, қазір мектептерде оқушыларды тасымалдау қызметін атқаруда.

2014 жылы 1-2 сынып оқушыларын толық ыстық тамақпен қамтамасыз етуге әр балаға 150 тенгеден 50705,0 мың теңге қаралып, 1827 бала тамақтандырылуда.

Жалпы міндетті оқу қорынан 114691,0 мың теңге қаралып, 2307 балаға бір мезгіл ыстық тамаққа 90282,0 мың теңге, 1702 балаға киім-кешек алуға -17156,0 мың теңге, оқу құрал алуға және лагерьге жолдамаға 7253,0 мың теңге жұмсалды.

№70 мектеп жанындағы интернаттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2717,0 мың теңге бөлінді.

Аудандық білім бөліміне қарасты мекемелердің Бөлімнің барлық бюджеттік бағдарламалары бойынша 2014 жылдың 1 қарашасына 4360886,0 мың теңгенің 4270283,2 мың теңгесі игеріліп, жоспар 98 пайызға орындалды.


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Добавить

Комментарии

6 октября 2016 03:44 isarukok

Look at the cv szablon carpet to make sure they do a good work after they've finished. When you notice a spot that is not done efficiently, stage it. The more time you wait around, the more effective the chances of a firm doubt your state.

7 октября 2016 19:47 afudewic

If you do lustige geburtstagsgrüße your homework beforehand, you will have a greater chance of choosing the ideal upholstery cleaning organization. Keep the following tips at heart on your research. Once you follow this advice, you'll have a better chance of choosing a satisfactory specialist.

9 декабря 2017 21:21 ybisenaz

smakowita strona odbiór mieszkania Warszawa w pierwiasteku odbiory mieszkań Warszawa

Популярные новости

Календарь новостей

«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Новости МОН РК

Fatal Error

Fatal Error: could not open XML input (http://www.edu.gov.kz//kk/rss)

Школы

Ваше мнение

Сколько Вам лет?

до 15 лет
16-17 лет
18-24 лет
25-39 лет
от 40 лет
Результаты